Қайғылы оқиға 9 маусым күні кешкі уақытта болды
Шығыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Yk.kz мәліметінше, 9 маусым күні сағат 20:15 шамасында Өскемен – Бозанбай автожолындағы Баяш Өтепов ауылының маңында Chevrolet Cobalt пен Mitsubishi Pajero көліктері соқтығысып қалды.
Жол апаты салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Mitsubishi Pajero көлігінің жүргізушісі мен Chevrolet Cobalt көлігінің жолаушысы түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.