Прокуратураның тексерісінен кейін мемлекетке қайтарылды
Қызылорда облысында Қазалы ауданының прокуратурасы мыңдаған гектар жер мақсатына сай пайдаланбағаны және оларды өз бетінше иеленіп алғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратураның мәліметінше, аталған бұзушылықтарды жою мақсатында прокуратура қадағалау актілерін енгізді. Нәтижесінде, мемлекет кірісіне жалпы құны 86 млн теңгені құрайтын аумағы 10 мың гектар жер қайтарылды.
«Жер учаскелерін заңсыз иеленген тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 136-бабына сәйкес уәкілетті органмен әкімшілік жауаптылыққа тартылды», – делінген прокуратураның хабарламасында.
Осы тектес фактілердің жолын кесу заңдылықты қалпына келтіруге, мемлекеттік мүдделерді қорғауға және өңірдің жер ресурстарын тиімді пайдалануын қамтамасыз етуге ықпал етеді.