09.06.2026, 12:58
Жаңалықтар
Қарағанды облысына жаңа прокурор тағайындалды
Ол еңбек жолын Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған
Фото: Бас прокуратура
Қарағанды облысына прокурор лауазымына Мұрат Тілеубердиев тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аға әділет кеңесшісі Мұрат Тілеубердиев мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен тағайындалды.
Ол еңбек жолын Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.
- Әр жылдары Алматы қаласы Әуезов және Алмалы аудандарының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Кадрлық жұмыс департаментінің бастығы болып қызмет істеген.
- 2023 жылғы мамырдан Түркістан облысының прокуроры болды.
Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін Сағадат Нұрмағамбетов атындағы І дәрежелі «Айбын» және ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
СІМ: Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 13:07
Жамбыл облысында жер үй өртенді: өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды