Ақтауда ішіп алған ер адам көшеге тыр жалаңаш шығып кеткен (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оқыс оқиға 7 маусым күні сағат 05:30 шамасында болған

Фото: Видеодан скрин

Актауда аулалардың бірінде тыр жалаңаш жүрген ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға қаладағы шағын аудандардың бірінде болған. Әлеуметтік желілерде жарияланған кадрларда жалаңаш ер адамның тротуарда жатқанын көруге болады, ал оның жанында көлік капотында отырған басқа ер адам бар. Екінші видеода жалаңаш адамды басқа бір ер адамның алып кетуге тырысып жатқаны көрінеді.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға жексенбі күні таңертең болған.

«7 маусым күні сағат 05:30 шамасында полицияға 39-шағын ауданда ер адамның жалаңаш күйде қоғамдық тәртіпті және тыныштықты бұзғаны туралы хабарлама түсті. Тексеру нәтижесінде құқық бұзушыға қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішу, тыныштықты бұзу және ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік жауапкершілік жүктелді», – деп хабарлады полиция.

Жиналған әкімшілік материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.