Түркістан облысына жаңа прокурор тағайындалды
Ол еңбек жолын Қапшағай гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі болып бастаған
Түркістан облысына жаңа прокурор болып Бауыржан Мырзакеров тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Бауыржан Мырзакеров мемлекет басшысының келісімімен және бас прокурордың бұйрығымен тағайындалды.
Ол еңбек жолын Қапшағай гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі болып бастады.
«Әр жылдары Сарыөзек, Өскемен, Қапшағай гарнизондарының әскери прокуроры, Бас әскери прокурордың орынбасары, Павлодар облысы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Қызмет бастығының орынбасары, Қызмет бастығы, Астананың прокуроры болып қызмет еткен», – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.
Бауыржан Мырзакеров 2022 жылғы мамырдан Қарағанды облысының прокуроры болды.
Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін I және II дәрежелі «Даңқ» ордендерімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.