Астанада жүріп бара жатқан көлік жарылып, 5 адам оңбай күйіп қалды: олардың жағдайы ауыр (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оқиға Аманжолов пен Нәжімеденов көшелерінің қиылысында болды

Фото: threads.com/@iamelyyya

Астанада жол бойында көлік жарылып, 5 адам оңбай күйіп қалды. Науқастардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Аманжолов пен Нәжімеденов көшелерінің қиылысында болған. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы олардың жағдайы туралы мәлімдеме жасады.

«Нәжімеденов көшесінің бойынан №1 Көпбейінді қалалық ауруханаға және №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасына 4 ересек адам және 1 бала жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы – ауыр, тұрақты. Пациенттерге қажетті медициналық көмектің барлық көлемі көрсетіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.