02.06.2026, 10:56
Жаңалықтар
Павлодарда ер адам подъезге бензин шашып, көпқабатты үйді өртеп жібермек болды (ВИДЕО)
Полиция ер адамның кім екенін анықтады
Фото: Видеодан скрин
Павлодарда ер адам көпқабатты үйдің подъезіне бензин шашып, тұтас үйді өртеп жібермек болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам подъезге жүгіріп жүріп, қабырғаларына, еденіне бензин шашқан.
Павлодар облысының Полиция департаменті құқық бұзушының кім екені анықталғанын хабарлады.
«Оны қолға түсіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды, материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жолданады», – деп хабарлады полиция.
ПД мәліметінше, оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Көп оқылған
17.10.2026, 13:01
Талдықорғанда TikTok-та балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды
17.10.2026, 06:19
Атырау вокзалында жұмысшы бес метр биіктіктен құлаған: жағдайы ауыр
17.10.2026, 07:16
Тұман, көктайғақ және үсік: барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
17.10.2026, 21:17
Астанада әйелді жұмыс орнына дейін аңдыған мас еркек 10 тәулікке қамалды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды