«Қазгидромет» РМК бір айға арналған ауа райы болжамын жариялады
Биыл маусым айында орташа ауа температурасы еліміздің басым бөлігінде климаттық нормадан 1-2°С жоғары, ал республиканың батыс өңірлерінде норма шамасында болуы мүмкін. Сонымен қатар, жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында болжанып отыр, ал елдің батыс пен солтүстік-батыстың жекелеген аудандарында көпжылдық орташа көрсеткіштерден көп болуы ықтимал. «Қазгидромет» РМК маусым айына осындай болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, маусым айының бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде циклондар мен олармен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады деп күтіледі. Республика бойынша өткінші жаңбырлар, найзағай, бұршақ және екпінді жел, ал елдің солтүстік-батыс жартысында кей уақытта қатты жаңбыр болжанады.
Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жекелеген күндері шаңды дауылдар болжанады.
Ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі:
Ауа температурасының ауытқуы:
Онкүндіктің басында республиканың шығысы мен орталығында күндіз ауа температурасы +33+39°С қатты ыстыққа дейін жоғарылайды. Алайда онкүндіктің қалған кезеңінде ауа температурасының негізгі фоны түнде +13+20°С, күндіз +25+33°С шамасында болады деп болжанады.
Маусымның екінші және үшінші онкүндіктерінде ыстық ауа райы кезең-кезеңімен найзағай, желдің күшеюі байқалатын салқын әрі жаңбырлы күндерге алмасып отырады, ал жекелеген аудандарда бұршақ пен шаңды дауылдардың болуы ықтимал.
Температуралық фон да тұрақсыз болады:
«Бір айға арналған ауа райы болжамы консультативтік ретінде пайдаланылуы керек, ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онжылдыққа арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады», – делінген синоптиктер болжамында.