01.06.2026, 13:59
Жаңалықтар
Шекарада ұсталды: Қазақстанна 300 тонна жанармай ұрланбақ болған
Жанармайдың жалпы құны – 60 млн теңге
Фото: istockphoto.com
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мұнай өнімдерін мемлекеттік шекара арқылы заңсыз алып кетуге жол бермеу үшін шаралар қабылдауда. Биыл жыл басынан бері өткізу пункттерінде жанар-жағармайды заңсыз шығарудың 2400-ден астам фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҰҚК мәліметінше, тәркіленген өнімнің көлемі (бензин, дизель отыны, керосин және т.б.) 300 тоннадан асады, ал құны – шамамен 60 млн теңге.
«Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып журген заңнамасына сәйкес жауапқа тартылды. Бұл іс-әрекеттер елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ЖЖМ көлеңкелі айналымына жол бермеуге бағытталған. Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», – делінген ҰҚК хабарламасында.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 16:51
Эксклюзив: топан судың астында қалған Ыстамбұлдағы қазақ студенті соңғы жағдайды баяндап берді
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды