100-ден астам үй зақымдалды: Мьянмада жарылыс болып, 46 адам көз жұмды

Қаза болғандар арасында кемінде 6 бала бар

100-ден астам үй зақымдалды: Мьянмада жарылыс болып, 46 адам көз жұмды
Фото: Видеодан скрин

Мьянманың солтүстік-шығыс бөлігінде тау-кен жұмысына қажетті жарылғыш заттар сақталған ғимаратта күшті жарылыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиғаның салдарынан 46 адам, соның ішінде алты бала қаза тапты. Тағы 74 зардап шегуші әртүрлі жарақаттармен ауруханаларға жеткізілді. Бұл ретте жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары 50-55 қаза тапқаны туралы хабарласа, шетелдік дереккөздер 46-дан 59-ға дейінгі адам бақилық болғанын жазды.

Жарылыс тұрғын үй секторына да айтарлықтай зиян келтірді – 100-ден астам үй зақымдалды.

Іздестіру-құтқару жұмысы жалғасуда, алдын ала мәлімет бойынша жарылыс болған жердің маңында ондаған үй зақымданған. Ауқымды оқиғаның ықтимал себебі – гелигниттің жарылысы.