Астанаға Шу қаласынан тұрақты түрде есірткі жеткізіліп тұрған (ВИДЕО)

Полиция есірткі тасып жүргендерді қолға түсірді

Астанада полиция қызметкерлері еліміздің оңтүстік өңірлерінен «каннабистік топтағы» есірткі заттарын тұрақты жеткізетін арнаның жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ІІМ мәліметінше, осы жылдың 26 мамырында жүргізілген ұзақ мерзімді жедел әзірлеме нәтижесінде екі ер адам бір мезетте ұсталды.

Олардың автокөлігі мен тұратын үйін тінту барысында Шу өңірінен шыққан 3 келі және 7 келі гашиш есірткі заты анықталып, тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 10 келіден асты.

«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта есірткі заттарын тасымалдауға және жеткізуге қатысы бар өзге де тұлғалар анықталып жатыр. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Елімізде есірткі жеткізу арналарының жолға қойылуына бағытталған кез келген әрекеттердің жолы дереу кесілетін болады», – делінген хабарламада.