01.06.2026, 13:18
Жаңалықтар
Астанада жатақхананың жоғары қабаты қап-қара түтінге оранды (ВИДЕО)
Оқиға Байқоныр ауданындағы жатақханалардың бірінде болды
Фото: ҚР ТЖМ
Астанада жатақхананың жоғары қабатынан өрт шығып, бөлмелердің бірі қап-қара түтінге оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиға Байқоныр ауданының Тайбурыл көшесінде болды. Бес қабатты жатақхананың бір бөлмесінде тұрмыстық заттар тұтанған.
«Алғаш жеткен өрт сөндіру бөлімшелері бөлменің үшінші қабатынан қалың қара түтін шыққанын байқады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің тобы барлау жүргізді. Өртті сөндіру үшін су багы қолданылды», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ қызметкерлері келмей тұрып, жатақхана тұрғындары сыртқа шығып үлгерген.
Өрт 10 шаршы метр алаңда жылдам сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 12:13
Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды