Жастар мен депутаттар бір толқында: Павлодарда «BIR TOLQYNDA» кездесуі өтті

Іс-шараны «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымдастырды

Жастар мен депутаттар бір толқында: Павлодарда «BIR TOLQYNDA» кездесуі өтті
Фото: партияның баспасөз қызметі

Павлодар қаласында ToraighyrovUniversity базасында облыстың барлыққала-аудандарынан келген белсендіжастардың басын қосқан ауқымды «BirTolqynda» диалог алаңы өтті, деп хабарлайды 

Іс-шараны«AMANAT» партиясы жанындағы «ЖастарРухы» Жастар қанаты ұйымдастырды. Қатысушылар депутаттарға тікелей сұраққойып, қоғам белсенділері мен шығармашылық сала өкілдерімен өзектітақырыптарды талқылауға, сондай-ақ өзбастамалары мен ұсыныстарын ортағасалуға мүмкіндік алды.

Кездесуге Қазақстан РеспубликасыПарламенті Мәжілісінің депутаттары НұржанӘшімбетов пен Жарқынбек Амантайқатысты. Сонымен қатар іс-шараға «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастарқанаты төрағасының орынбасары ЕржанХамитов, партияның облыстық филиалыныңтөрағасы Асылбек Туғанбай, облыстықмәслихат депутаты әрі Жастар кеңесініңтөрағасы Айдар Құрымбаев, сондай-ақ GTF таэквондо бойынша дүниежүзілікфедерацияның Павлодар өңірі жөніндегі вице-президенті Артем Граблев қатысты.

Кездесуді ашқан Асылбек Туғанбайжастардың елдің қоғамдық-саяси өмірінеқатысуының маңыздылығын атап өтіп, жастармен депутаттық корпус арасындағы ашықдиалогтың мәніне тоқталды.

Бүгін Павлодар өңірінен сайланғанМәжіліс депутаттары арнайы елордаданкеліп, жастармен жүздесіп отыр. Бұл - жастар үшін өз сұрақтарын тікелей қойып, ұсыныстарын айтып, көкейдегі мәселелергежауап алуға үлкен мүмкіндік, - деді ол.

Ашық диалог барысында спикерлер қазіргіқоғамдағы жастардың рөлі, жауапкершілік, бастамашылдық және белсенді азаматтықұстаным туралы пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ жастар жобаларын қолдау, жаңа идеялардыжүзеге асыру және жастарға арналғанмүмкіндіктерді кеңейту мәселелеріне ерекшеназар аударылды.

Кездесу барысында сөз сөйлеген НұржанӘшімбетов бүгінгі таңда жастар мемлекеттідамытушы негізгі күш екенін атап өтті.

Өз саласының мықты маманы болу үшінүш «П» қағидасын ұстану қажет: патриотизм, кәсібилік және парасаттылық, - деді депутат.

Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, жобаныңбасты мақсаты -жастарды елде болып жатқанөзгерістер үдерісіне тарту.

Бұл бастама жастарды саяси жәнеэкономикалық реформаларға тартуғабағытталған. Біз жастардың пікірін тыңдап, конституциялық реформалар, заң жобаларымен Парламентте қаралып жатқан өзектімәселелер туралы айту үшін келдік, - деді депутат.

Сондай-ақ ол аграрлық саладағыбастамаларға тоқталып, қазіргі уақыттатопырақты қорғау туралы заң жобасы әзірленіпжатқанын айтты. Құжатта жайылымдардыңтозуы, жер құнарлылығының төмендеуі жәнецифрландыру мәселелері қамтылған.

Жарқынбек Амантай өзінің саяси қызметітуралы айтып, 34 жасында депутат болғанынжеткізді. Оның сөзінше, жастар мәселесіәрдайым басты назарда.

Биыл мұндай кездесулер ерекшеформатта өтіп жатыр - бұл жастарменашық әрі шынайы әңгіме. Бүгінде Мәжілістеалты партия ұсынылған, ал ең ірі фракция -«AMANAT» партиясы. Біз жастарды тыңдап, өзекті мәселелердің шешімін бірге іздеуімізкерек, - деді ол Парламент жұмысы туралы айта отырып.

Жастар да талқылауға белсенді қатысты. Аққулы ауданының белсендісі ҚарлығашҚаллемова ауылдық жерлердегі спорттыдамыту мәселесін көтерді. Ал Алтынай Рахметова Нұржан Әшімбетовтен өмірдегітәлімгері мен үлгі тұтқан адамы туралысұрады. Депутат өзі үшін әрдайым әкесі бастыүлгі болғанын айтты.

Кездесу соңында партиялық билеттердісалтанатты табыстау рәсімі өтті. Іс-шара аясында «AMANAT» партиясының қатарынаспортшылар, еріктілер, студенттер жәнешығармашыл жастар қатарынан он белсендіжас қабылданды.

Мақалада
#AMANAT партиясы