Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады
Павлодар облысында Газель мен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Аққулы ауданының Шарбақты ауылы маңында Lada Гранта мен Газ-33023 автокөліктері соқтығысып қалған. Жол апатынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханада көз жұмды, тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады. Көліктер мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
«Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауды, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде абай болуды және көлік құралының техникалық жағдайын бақылауда ұстауды ескертеді», – делінген облыстық ПД хабарламасында.