«Нағыз ұстаз»: сабақ үстінде анасын сағынып жылаған оқушысын жұбатқан ұстаз елдің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)
Көптің көңілін елжіреткен бұл көрініс ешкімді бейжай қалдырған жоқ
Сабақ үстінде анасын сағынып, көз жасына ерік берген оқушыны жұбатқан ұстаз көптің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде тараған видеоға назар аударсақ, сынып ішінде ана туралы ән шырқалған сәтте бүлдіршіннің көңілі босап, көз жасына ерік береді. Анасына деген сағынышын жасыра алмаған оқушысын ұстазы бауырына басып, жұбатты.
Көптің көңілін елжіреткен бұл көрініс ешкімді бейжай қалдырған жоқ.
«Апайына мың алғыс. Нағыз ұстаз қандай болу керек екенін көрсетті. Алланың нұры жаусын», «Мына өлеңді тыңдағанда, бала түгілі мен жылаймын, анамды есіме алып, өзім әжемін...», «Міне нағыз жүрегінде иманы бар ұстаз, рақмет сізге», «Бастауыш сыныптың ұстазы баланы анасындай бауырына басады», «Мейірімді ұстаз екен, мұндай жандар сирек қой. Бақытты бол, шəкірттері де жақсы көретін болар», «Жүректі тербеткен сәт», – деп жазды желі қолданушылары.