Құны – 285 млн теңге: Ақмола облысында орман қорының жерлері жекеменшікке өтіп кеткен
Бұл жерлер өз мақсатына сай қолданылмай келгені анықталды
Ақмола облысының прокуратурасы мемлекетке құны 285 млн теңге тұратын орман қорының бір бөлігін қайтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақкөл ауданының прокуратурасы туристік кластердің дамуына кедергі келтіретін түйткілді мәселелерді шешу мақсатында орман заңнамасы талаптарының сақталуын тұрақты түрде талдап келеді.
Тексеру нәтижесінде орман пайдаланушылар мемлекеттік орман қорының жер учаскелерін мақсатты түрде – сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдаланбайтыны анықталды.
«Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы кадастрлық құны 285 млн теңге тұратын мемлекеттік орман қорының 2 жер мемлекетке қайтарылды. Бұл учаскелер кейіннен туристік бизнесті ұйымдастыру үшін әлеуетті инвесторларға беру мақсатында қарастырылмақ. Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», – делінген прокуратура хабарламасында.