Найзағай мен үсік: 23 мамырға арналған ауа райы болжамы
Кей өңірлерде үсік жүруі мүмкін
23 мамырда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғып, екпіні күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде топырақ бетінде 1–2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанып отыр.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +21…+23°C. Топырақ бетінде -1°C дейін үсік болуы мүмкін.
Алматыда күн ала бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, кей уақытта қатты жаңбыр мен найзағай болады. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +16…+18°C.
Шымкентте күн ала бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл болуы мүмкін. Жел екпінді соғады. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +25…+27°C.
Ақтауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +23…+25°C.
Ақтөбеде күн ашық. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +24…+26°C.
Атырауда күн аз бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +28…+30°C.
Жезқазғанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +22…+24°C.
Қарағандыда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +18…+20°C. Топырақ бетінде -2°C дейін үсік күтіледі.
Көкшетауда күн ала бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел екпінді соғады. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +23…+25°C.
Қонаевта күн ала бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +19…+21°C.
Қостанайда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +25…+27°C.
Қызылордада күн ашық. Күндіз шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +26…+28°C.
Павлодарда күн ала бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел екпінді соғады. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +20…+22°C.
Петропавлда күн ала бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай, дауыл және бұршақ күтіледі. Желдің екпіні күшейеді. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +21…+23°C.
Семейде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +18…+20°C. Топырақ бетінде -2°C дейін үсік болады.
Талдықорғанда күн ала бұлтты. Түнде аздаған жаңбыр жауып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +18…+20°C.
Таразда күн ала бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жел екпінді соғады. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +22…+24°C.
Түркістанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +27…+29°C.
Оралда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +25…+27°C.
Өскеменде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +15…+17°C. Топырақ бетінде -2°C дейін үсік күтіледі.