Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді
22 мамырда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы күрделене түседі: кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік облыстар мен Астанада түнде топырақ бетінде үсік сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +13…+15°C. Топырақ бетінде -2°C-қа дейін үсік жүреді.
Алматыда күн құбылмалы, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +20…+22°C.
Шымкентте күн құбылмалы, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғуы мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +25…+27°C.
Ақтауда күн құбылмалы, түнде және таңертең жаңбыр жауып, тұман түседі. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +25…+27°C.
Ақтөбеде күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +20…+22°C.
Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл болып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +28…+30°C.
Жезқазғанда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +18…+20°C.
Қарағандыда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз, жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +13…+15°C.
Көкшетауда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +15…+17°C. Топырақ бетінде -1°C-қа дейін үсік жүреді.
Қонаевта күн құбылмалы, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +22…+24°C.
Қостанайда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +19…+21°C.
Қызылордада күн құбылмалы, жауын-шашынсыз, шаңды дауыл күтіледі, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C.
Павлодарда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +12…+14°C.
Петропавлда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде 1…3°C үсік жүреді, күндіз ауа температурасы +17…+19°C болады.
Семейде күн құбылмалы, түнде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +13…+15°C.
Талдықорғанда күн құбылмалы, таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +23…+25°C.
Таразда күн құбылмалы, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +21…+23°C.
Түркістанда күн құбылмалы, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз +28…+30°C.
Оралда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +25…+27°C.
Өскеменде күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +13…+15°C.