Бүгін, 15:36
Жаңалықтар
Қазақстан жабайы табиғаттың қыр-сырын меңгеру үшін Кениямен келісім жасады
Екі елдің ресми делегациялары өзара құжаттар алмасты
Фото: Ақорда
Қазақстан мен Кения мемлекеттері бірқатар салада келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегациялардың мүшелері келесі құжаттармен алмасты:
- Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Кения Республикасы Ақпарат, коммуникациялар және цифрлық экономика министрлігі арасындағы ICT және электрондық үкімет саласындағы ынтымақтастық жөнінде өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Кения Республикасы Жол және көлік министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Кения Республикасы Туризм және жабайы табиғат министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- «Самұрық-Қазына» АҚ мен Мемлекеттік тау-кен корпорациясы (NAMICO) арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Кения ғарыш агенттігі арасындағы жерді қашықтықтан зондтау, ғарыш жүйелерін дамыту және ғарыштық технологияларды қолдану саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Найроби халықаралық қаржы орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Кения президентінің мемлекеттік сапары барысында келесі құжаттарға да қол қойылды:
- Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Кения Республикасының Сыртқы қызмет академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- «Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы» ЖШС мен Кенияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен Kenya Investment Authority арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен Кения Республикасы Экспортты ілгерілету және брендинг агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Көп оқылған
19.05.2026, 17:37
Бір-бірімен азғындық жасауға мәжбүрлеген: киімсіз үш ер адамның видеосы жұртты шошытты (ВИДЕО)
19.05.2026, 16:04
«Ташкенттен Куала-Лумпурға, одан кейін Балиге қашқан»: Сәрсемәлиевтің Қазақстаннан қалай шығып кеткені белгілі болды
19.05.2026, 16:39
«20 жылға сотталды»: Семейде оқушы қыз жиналысқа келген прокурорға өгей әкесінің зорлап жүргенін айтып, азаптан құтылған
19.05.2026, 09:58
Қазақстанда әйелінің көзіне шөп салатын ер адамдардың көбі Маңғыстау облысында тұратын болып шықты