Екі күнде 180 мың адам: Астанадағы LRT-ға сұраныс күрт артты

Автор: Алмас Ерсін

CTS мәліметінше, бір күнде LRT қызметін 100 мың адам пайдаланып, жолаушылар саны жобалық өткізу мүмкіндігінен асып түскен

Фото: Ақорда

Елордадағы LRT жүйесі рекордтық жолаушы ағынынан кейін қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада жеңіл рельсті көлік іске қосылғалы бері оны 180 мың адам пайдаланған.

Бұл туралы  CTS компаниясының басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, тек кешегі күннің өзінде LRT қызметін 100 мың жолаушы пайдаланған. Бұл көрсеткіш жобалық өткізу мүмкіндігінен асып түскен.

«Қазіргі таңда жолаушылар ағыны екі есе азайды. Сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Аса қажеттілік болмаса, платформалар мен вагондардағы апаттық батырмаларды баспау керек. Сондай-ақ пойыз есіктерін өз бетінше ашуға және олардың жабылуына кедергі келтіруге болмайды. Мұндай әрекеттер құрамдардың тоқтауына себеп болады. Өздеріңіз білетіндей, LRT жүйесі толық автоматтандырылған және машиниссіз жұмыс істейді. Сондықтан мұндай әрекеттер жүйе тарапынан жолаушылар қауіпсіздігіне төнген қауіп ретінде қабылданады», – деді ол.

Асылбек Дүйсебаевтың сөзінше, бүгінгі күні жүйе жұмысында ешқандай бұзушылық тіркелмеген және қозғалыс қалыпты режимде жүзеге асып жатыр.

Еске салайық, екі күн бұрын, яғни 16 мамырда елордада LRT желісі ресми түрде іске қосылды.