18.05.2026, 15:15
Жаңалықтар
Майқұдықта қараусыз қалған екі бүлдіршін терезеден құлап кетті
Қарағанды облысында жыл басынан бері 10 бала терезеден құлап кеткен
Фото: ЖИ арқылы жасалды/Google Gemini
Қарағандының Майқұдық елді мекенінде екі бүлдіршін терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 17-шағын ауданда болды. Ekaraganda.kz басылымының мәліметінше, 5 қабатты үйдің екінші қабатынан 2021 жылы және 2024 жылы туған бүлдіршіндер құлап кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, балалар үлкендердің назарынан тыс қалған. Түрлі жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Айта кетейік, Қарағанды облысында жыл басынан бері 10 бала терезеден құлап кеткен.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналар мен балалардың заңды өкілдеріне қауіпсіздік ережелерін еске салды:
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Москит торына күш түсірмеңіз, ол балаларды ұстап тұруға қауқарсыз;
- Терезеге арнайы фиксаторлар мен блокираторлар орнатыңыз;
- Терезе жанына жиһаз қоймаңыз, бала сол арқылы терезе алдына шығып алуы мүмкін.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды