«Туған сіңлімдей еді»: Қайрат Нұртастың анасы танымал кәсіпкердің қазасын естіртті
Гүлзира Айдарбекова құрбысының қазасы қатты әсер еткенін айтты
Қазақстандық әншілермен тығыз жұмыс істейтін кәсіпкер Сәуле Базархан өмірден өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кәсіпкердің мезгілсіз қазасын Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова мәлім етті.
«Екі түн мүлдем ұйықтай алмадым, Гүлеке деп ыржиып кіріп келіп қалатындай, қоңырау соғатындай. Ұшақтың қонғаны сол, қаншама адам хабарласқан. Құрбыларым да, бала-шағам да суық хабарды естіп, тоқтамай звондай берген ғой. Жаным тыныш таппай, қайта ұшып кеттім. Ең болмаса жер қойнына Саулешімді жерлемей тұрып, көзіммен көргім келді. Үйіне бардым, көрдім, моп-момақан болып ұйықтап жатыр, өзі де өте сабырлы еді. Кешкі қонақ асына бауырлары, құрбыларым жиналып күтіп отыр екен, жылап-жылап, түнде үйімізге тарадық», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.