Жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте болған
Қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағында болған жаңа жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық ядролық орталықтың Геофизикалық зерттеулер институтына қарасты Қазақстан ұлттық деректер орталығы жер сілкінісін 2026 жылдың 15 мамырында Астана уақытымен сағат 00:23-те тіркеген.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Магнитудасы – 4,5, энергетикалық класы – 10,7. Жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте болған.