Қарағанды мен Балқаш арасында жаңа жолаушылар пойызы қатынайды
Пойыз жолының жалпы ұзақтығы 472 шақырымды құрайды
Енді Қарағанды мен Балқаш арасында жаңа жолаушылар пойызы қатынайтын болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бағыттың жалпы ұзақтығы 472 шақырымды құрайды. Жол жүру барысында 19 аялдама қарастырылған. Пойыз күнара, тақ күндері қатынайды.
Қозғалыс кестесі
Қарағанды станциясынан:
- жөнелтілуі – 06:00
- Балқаш станциясына келуі – 12:48
Балқаш станциясынан:
- жөнелтілуі – 13:45
- Қарағанды станциясына келуі – 20:53
Пойыз Қарағанөзек, Қарабас, Құлайғыр, Қарамұрын, Дария, Жарық, Нілді, Айса, Ақадыр, Босаға, Мойынты, Бүйрек, Сарықұм станциялары арқылы жүреді.
Пойыз құрамы 6 вагоннан жасақталған: оның ішінде 2 купе және 4 плацкарт вагоны бар. Жалпы сыйымдылығы – шамамен 300 орын.
Билеттер комиссиясыз bilet.railways.kz ресми сайтында, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында қолжетімді. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы және «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасынан алуға болады.