Астанада әйел адам қонақүйден ақша ұрлаймын деп ұсталып қалды (ВИДЕО)
Оқиғаның видеосы жарияланды
Астанада әйел адамның қонақүйден ақша ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті азаматша қонақүйдің кіреберісінде орналасқан ресепшінінен еркін қол жеткізу мүмкіндігін пайдаланып, ақшаны жасырын түрде ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі 156 мың теңгені құрады.
Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы бейнебақылау камераларының жазбасын қарап, куәгерлерден жауап алып, күдіктіні анықтады.
Қазіргі таңда аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық орындарда, әсіресе қонақүйлерде жеке заттарына мұқият болуға шақырады. Бөлмеден шыққанда есікті міндетті түрде жауып, бағалы заттарды ашық жерде қалдырмау ұсынылады. Сонымен қатар, қонақүй әкімшілігіне бейнебақылау жүйесін жетілдіру және қауіпсіздікті күшейту бойынша шаралар қабылдау ұсынылады», – делінген ПД хабарламасында.