Күтпеген жағдай: Алматыда пәтер жалдау құны бірнеш ай қатарынан арзандап келеді

Дегенмен Алматыда пәтер жалдау құны әлі де Астанадан қымбат

Күтпеген жағдай: Алматыда пәтер жалдау құны бірнеш ай қатарынан арзандап келеді
Фото: istockphoto.com

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, Алматыда пәтер жалдау бағасы ай сайын арзандап келеді. Сәуір айында көрсеткіш наурызбен салыстырғанда тағы 0,5%-ға азайған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Data Hub-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бағаның арзандауы Алматы қаласы үшін жиі кездеспейтін құбылыс. 2016 жылдан бері мұндай жағдай небәрі екі рет тіркелген. Соңғы рет 2024 жылдың ақпан-сәуір айларында бірнеше жер сілкінісі болған кезеңде болған.

Ал Астанада жалдау нарығындағы жағдай өзгеше. Ақпан-наурыз айларында бағаның арзандауы сәуірде тұрақтаса, жалдау құны 0,5%-ға өсті. Соған қарамастан, елордадағы 1 шаршы метрдің орташа жалдау бағасы әлі де Алматыдан арзан – 5,5 мың теңге. Алматыда бұл көрсеткіш 5,8 мың теңгені құрайды.

Баспана сатып алу бағасы:

Алматыда бастапқы нарықтағы пәтерлер 1,5%-ға қымбаттады. Ал наурызда 2,6%-ға арзандаған екінші нарықтағы баспана бағасы сәуірде қайта өсіп, 2%-ға көтерілді.

Астанада керісінше, екінші нарықтағы пәтер бағасы екінші ай қатарынан арзандап келеді. Сәуірде көрсеткіш наурызбен салыстырғанда 0,4%-ға азайды. Ал жаңа үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды.