12.05.2026, 10:39
Жаңалықтар
Ақтауда ер адам кәуап сүйегіне қақалып, көз жұмды
Оған дер кезінде көмек көрсету мүмкін болмаған
Фото: istockphoto.com
Маңғыстау облысында 10 мамыр күні табиғат аясындағы корпоративтік демалыс кезінде 56 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Mangystautv.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтаудағы мектептердің бірінің ұжымы Жармыш ауылы маңындағы Аралбай сарқырамасына серуенге шыққан.
Дастарқан басында ер адам кәуаптың сүйегіне қақалып, оқиға орнында көз жұмған. Оған дер кезінде көмек көрсету мүмкін болмаған.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамның қаза тапқанын растады.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді