Ең жоғары өсім қарқыны тіркелген салалар анықталды
Қазақстанның ЖІӨ өсімі ҰСБ-ның алдын ала деректері бойынша, биыл қаңтар-сәуір айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ды құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бірінші тоқсанның қорытындысымен салыстырғанда экономикалық өсім серпіні айтарлықтай жақсарды (2026 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ өсуі 3%). Төрт айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс оң өсім көрсетті. Нақты көлем индексі – 102,1%. Өнеркәсіпті қалпына келтірудің негізгі факторы өңдеу секторының жеделдеуі болды, онда өндіріс 9,9%-ға өсті.
Машина жасаудағы жоғары өсу қарқыны (өсу 23,3%) көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, электр тауары мен жабдығын шығару көлемін ұлғайту есебінен сақталады.
Сондай-ақ жоғары өсім көрсеткендер:
Тұтастай алғанда, жылдың алғашқы төрт айындағы экономиканың оң серпіні негізгі секторлардағы орнықты өсумен қамтамасыз етілді. Ең жоғары өсім қарқыны мына салаларда тіркелді:
Осылайша, ЖІӨ-нің нақты өсімінің қазіргі құрылымы шикізаттық емес сектордың, атап айтқанда құрылыс, көлік, сауда және өңдеу өнеркәсібінің рөлін күшейтумен сипатталады.