Түркістан облысында ер адам терең шұңқырға құлап кетті

Автор: Дәулет Ботагөз

Ер адам дереу медицина қызметкерлеріне тапсырылды

Фото: pixabay

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында құтқарушылар абайсызда терең шұңқырға құлап, өміріне қауіп төнген азаматқа көмекке келді. Оқиға 2026 жылдың 10 мамырында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, «112» пультіне шұғыл хабарлама түскен бойда оқиға орнына құтқару бөлімшелері жедел жеткен. Мамандар ер адамды шығару үшін арнайы техникалық құралдарды қолданып, саты арқылы шұңқырға түсті. Кейін құтқару арқанының көмегімен зардап шегушіні сыртқа абайлап алып шықты.

Құтқару операциясы сәтті аяқталғаннан кейін, ер адам дереу медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Дәрігерлер оның денсаулығын тексеріп, алғашқы көмек көрсетті.