Еліміздің екі қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды
Бұл қалаларда ауада зиянды заттар жиналады
2026 жылдың 9 мамырында еліміздің екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілуде. Ауада зиянды заттардың жиналуына байланысты Алматы және Талдықорған қалаларының тұрғындарына сақтық шараларын сақтау ұсынылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қолайсыз метеожағдай деген не?
ҚМЖ – бұл атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың шоғырлануына әкелетін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Оған көбіне әлсіз жел, тұман және инверсия жатады. Мұндай жағдайда өндірістік қалдықтар мен көлік түтіні сейілмей, ауада тұрып қалады.
Сақтық шаралары
Ауаның ластануы кезінде мамандар келесі ережелерді сақтауды ұсынады:
1. Тас жолдар мен өндіріс орындарына жақын жерде ұзақ жүрмеген абзал.
2. Өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары бар және аллергияға бейім жандар өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі тиіс.
3. Таза ауада спортпен шұғылдануды немесе ауыр физикалық жұмыс істеуді уақытша тоқтата тұрған жөн.