Парламент «Құрылтай туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Автор: Аягөз Құрмаш

Заң жобасы шілдеден бастап өз күшіне енуі керек

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Парламент «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Заң жобасын қарау үшін Парламент палаталарының бірлескен комиссиясы құрылды.

Комиссия құрамына Мәжілістен Қайрат Балабиев, Ермұрат Бапи, Марат Башимов және Сергей Пономарев, ал, Сенаттан Айнұр Арғынбекова, Нұрлан Бекназаров, Серік Өтешов және Ғалиасқар Сарыбаев енді. 

Комиссия төрағасы болып  Мәжіліс депутаты Марат Башимов сайланды.