Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде алты жасар баланы көлік қағып кетті

Зардап шеккен бүлдіршін ауруханаға жеткізілді

Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде алты жасар баланы көлік қағып кетті
Фото: © istockphoto.com

Маңғыстау облысында жаяу жүргіншілер өткелінде алты жасар баланы көлік қағып кетті. Зардап шеккен бүлдіршін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңірлік Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жол апаты 7 мамыр күні Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, 1997 жылы туған Toyota Camry жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан баланы байқамай қалған.

«Жеңіл көлік тізгініндегі 27 жастағы азамат жаяу жүргіншілер жолағында алты жасар баланы қағып кеткен», - деп мәлімдеді мекеме өкілдері.

Жол апатынан кейін кішкентай бала бірден ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оған дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр. Оның жағдайы туралы қосымша ақпарат нақтылануда.

Жүргізушіге қатысты тиісті хаттама толтырылды. Ол жауапкершілікке тартылатын болады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.