Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады

Автор: Дәулет Ботагөз

Бұл қалаларда найзағай, жаңбыр және бұршақ күтіледі

Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы құбылмалы болады. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында найзағай, жаңбыр және бұршақ күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Елордада алдағы үш күнде де жауын-шашын күтіледі. Әсіресе, жексенбі күні ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі болжануда. 8 мамыр күні күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ бұршақ жауады. Желдің екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +23+25°C болады. 9 мамырда тұрақсыз ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы +21+23°C. Ал 10 мамыр күні күн күрт суытады. Температура күндіз небәрі +10+12°C болады. Желдің жылдамдығы 20 м/с дейін күшейеді.

Алматыда жұма күні аптап ыстық болғанымен, демалыс күндері жауын басталады. 8 мамырда жауын-шашынсыз, өте ыстық ауа райы сақталады. Күндіз термометр бағаны +31+33°C көрсетеді. 9 мамыр күні күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Температура +28+30°C дейін жетеді. Ал 10 мамырда жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +20+22°C дейін төмендейді.

Шымкентте демалыстың алғашқы күні аптап ыстық болады, алайда жексенбіге қарай күн салқындайды. 8 мамыр күні ашық ауа райы сақталады. Күндіз +33+35°C аптап ыстық болады. Ал 9 мамырда күндіз өткінші жаңбыр жауып, желдің екпіні 20 м/с жетеді. Температура +28+30°C болады. 10 мамыр күні жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Күндіз күн салқындап, ауа температурасы +20+22°C болады.