Шығыс Қазақстан облысында болған төтенше жағдайдан кейін ауа сапасы бұзылған
Өскемендегі «Қазцинк» кәсіпорнындағы апаттың салдары мен тұрғындарға өтемақы төлеу мәселесі белгілі болды. Оқиғадан кейін өңірде ауа сапасы өлшенген, алайда зерттеу нәтижелері әзірге өңделіп жатыр. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Апат туралы ақпарат түскен бойда Шығыс Қазақстан облысының экология департаментінің мамандары оқиға орнына шықты. Зертхана қызметкерлері жедел барып, ауаға тиісті өлшеулер жүргізді. Кейін «Қазгидромет» РМК «Қазцинк» кәсіпорнының санитарлық-қорғау аймағынан тыс жерлерде атмосфералық ауа сапасын бақылау бекеттерін орнатты. Қазіргі уақытта алынған сынамалар өңделіп жатыр», – деді Әділов.
Оның айтуынша, әрбір талдау үшін белгіленген зертханалық рәсімдер бар.
«Бүгінгі күннің өзінде нәтижелер дайын болады деп ойлаймын. Егер алынған сынамалар бойынша ауаға зиянды қалдық бөлінче, төтенше жағдай салдарынан қоршаған ортаға келген залал есептеледі», – деп қосты ол.
Сонымен қатар, тұрғындарға өтемақы төлеу мәселесі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жататынын атап өтті. Депутаттардың мәлімдемесінен кейін кәсіпорындар тексеріле ме деген сұраққа Әділов жоспардан тыс тексеру Кәсіпкерлік кодекс нормаларына сәйкес өтетінін айтты.
«Егер депутаттардан ластану фактілерін растайтын өтініш түссе, аумақтық бөлімшелер тексеріске шығады», – деді ол.
Еске салайық, 5 мамыр күні таңертең Өскемен қаласындағы «Қазцинк» ЖШС-нің қорғасын зауытындағы электролиз цехының балқыту бөлімінде жарылыс болып, 120 шаршы метр аумақта өрт шықты. Сонымен қатар, цехтың 220 шаршы метр аумағы опырылып түскен. Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты, оның біреуі балқытушы Ержан Қамалиев пен жабдық жөндеу шебері Олжас Рамазанов. Тағы бес адам ауруханаға түсті: үшеуін дәрігерлер үйге жіберсе, екі адам ауыр хәлде жатыр.
Оқиға орнында ШҚО полициясы еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов жағдайды жеке бақылауына алып, тиісті тапсырмалар берді.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі арнайы комиссия құруды тапсырды. Әкімдік тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге психологиялық және материалдық көмек бермек.