Шымкент мұнай өңдеу зауыты 2030 жылы ауқымды жөндеуден өтетін болды
Шымкент мұнай өңдеу зауытын жоспарлы жөндеу жұмысы уақытынан үш күн бұрын аяқталды
Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмысы толық аяқталды. Жөндеу циклі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен мерзімнен үш күн ерте орындалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мұнайды алғашқы өңдеу қондырғысы 22 сәуірде қайта іске қосылса, терең өңдеу блогы 2 мамырда жұмысын жандандырды.
Кәсіпорын енді ұзағырақ жөндеуаралық кезеңге көшті. Ауқымды күрделі жөндеу 2030 жылға жоспарланып отыр, ал 2028 жылы тек жекелеген қондырғыларға қысқа мерзімді техникалық қызмет көрсету жүргізіледі.
Бұл шешім зауыттың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, ішкі нарыққа мұнай өнімдерінің тұрақты жеткізілуіне мүмкіндік бермек.