Жеке бақылауымда – Үкімет басшысы «Қазцинк» зауытындағы жарылыс туралы

Автор: Асыл Арман

Өскемендегі «Қазцинк» зауыты аумағында жарылыс болды

Фото: Видеодан скрин

Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемендегі «Қазцинк» зауытындағы жарылысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін таңертең Өскемендегі жарылыс бойынша қажетті тапсырмалар бердім. Төтенше жағдайлар министрлігі, экология департаменттері және облыс әкімдігі тиісті шаралар қабылдап, маған баяндауы тиіс. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады», – деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Айта кетейік, ҚР ТЖМ мәліметінше, шаң ұстау цехында шаң ұстау құрылғысынан шыққан газ-ауа қоспасы салдарынан жарылыс болып, кейін нысанның бір бөлігі опырылған. Апаттан кейін Өскемен қаласын аяқасты бұлт басқаны хабарланды. Көп ұзамай 5 адам жараланып, 2 адам қаза тапқаны белгілі болды.