Қазақстандықтар 7 және 9 мамырда неше күн демалады
Мамыр айында демалыс күндерінің саны артып, жұмыс кестесі өзгереді
2026 жылдың мамыры қазақстандықтарды мол демалыс күндерімен қуантпақ. Бес күндік жұмыс аптасында ел тұрғындары 17 жұмыс күнімен қатар 14 күн демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні қарастырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
7 және 9 мамырда қазақстандықтар қалай демалады
7 мамыр, бейсенбі күні қазақстандықтарды мерекелік демалыс күтіп тұр. Сондай-ақ Жеңіс күніне байланысты демалыс күнінің ауысуына орай 11 мамыр, дүйсенбі күні қосымша демалыс беріледі.
Бес күндік жұмыс аптасындағы демалыс кестесі
5/2 кестесімен жұмыс істейтіндер үшін демалыс төмендегідей болады:
- 4, 5 және 6 мамыр – жұмыс күндері;
- 7 мамыр (бейсенбі) – демалыс күні;
- 8 мамыр (жұма) – жұмыс күні;
- 9 мамыр (сенбі) – мерекелік демалыс;
- 10 мамыр (жексенбі) – демалыс;
- 11 мамыр (дүйсенбі) – ауыстырылған қосымша демалыс күні.
Алты күндік жұмыс аптасындағы кесте
Алты күн жұмыс істейтіндер үшін кесте өзгеше болады:
- 7 мамыр – демалыс күні;
- 8 мамыр – жұмыс күні;
- 9 мамыр – мерекелік демалыс;
- 10 мамыр – жексенбі, демалыс;
- 11 мамыр – жұмыс күні.
2026 жылдың мамыр айындағы жалпы демалыс күндері
Жалпы 2026 жылдың мамыр айында:
- бес күндік жұмыс аптасында – 14 демалыс күні және 17 жұмыс күні;
- алты күндік жұмыс аптасында – 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні болады.
Сонымен қатар қазақстандықтар 27 мамырда да демалады. Бұл күн Құрбан айттың бірінші күніне орай қосымша демалыс ретінде белгіленген.