FlyArystan жолаушылардың әуеде power bank қолдануына қатысты ережені өзгертті

Автор: Асыл Арман

Power bank тасымалдау ережелерінің өзгеруіне қатысты хабарлама жарияланды

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің талаптарына сәйкес 7 мамырдан бастап FlyArystan әуекомпаниясының рейстерінде қосалқы аккумуляторларды (power bank) тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізілетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қосалқы аккумулятордың сыйымдылығына байланысты:

  • 100 Вт/сағ-қа дейін – рұқсатсыз тасымалдауға рұқсат етіледі;
  • 100-ден 160 Вт/сағ-қа дейін – тасымалдаушының рұқсаты болған жағдайда ғана тасымалдауға рұқсат етіледі;
  • 160 Вт/сағ-тан жоғары – тасымалдауға тыйым салынады.

Маңызды: бір жолаушыға 2 (екі) қосалқы аккумуляторды тасымалдауға рұқсат етіледі.

«Сонымен қатар, қосалқы аккумуляторды тек қолжүкте тасымалдауға рұқсат етілетінін, ал әуе кемесінің бортында оларды зарядтауға және пайдалануға тыйым салынатынын еске саламыз. Аккумуляторлар қысқа тұйықталудан қорғалған болуы тиіс. Сапарды жоспарлау кезінде көрсетілген талаптарды ескеруіңізді сұраймыз», – делінген компанияның хабарламасында.