5 млн теңге: Астанада Жеңіс күніне орай ардагерлерге қанша төленгені белгілі болды
Қала әкімдігі ардагерлерге берілген төлем түрлеріне қатысты мәлімдеме жасады
Елорда ардагерлеріне 9 мамыр – Жеңіс күнінің құрметіне дәстүрлі түрде біржолғы әлеуметтік төлемдер қарастырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен бекітілген «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына» сәйкес 9 мамырға ардагерлерге бір реттік әлеуметтік төлемдер қарастырылған.
Сонымен ҰОС ардагеріне 5 млн теңге мөлшерінде төлем берілді.
Сол сияқты өзге де мынандай төлемдер жасалды:
- Жеңілдіктер бойынша ҰОС теңестірілген ардагерлер, Чернобыль атом электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушылардан басқа (ҰОС кезінде қызмет еткен әскери қызметкерлер; фашистік Германияға қарсы соғыс қимылдарына қатысқан адамдар; Ленинград қаласындағы блокада кезінде жұмыс істеген азаматтар; концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар; әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары) 476 адам – 45 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде (194 625 теңге);
- басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінен басқа (Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауға қатысқан әскери қызметшілері; Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері; Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары) 1167 адам – 45 АЕК (194 625 теңге) мөлшерінде;
- Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының күші қолданылатын басқа да адамдар (тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары; Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң әйелдері) 1753 адам – 15 АЕК мөлшерінде (64 875 теңге).
Астанада 9 мамырға орай барлығы 3398 адамға біржолғы әлеуметтік төлем берілді.
Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы ардагеріне және жеңілдіктер бойынша ҰОС теңестірілген ардагерлер жергілікті бюджеттен келесідей әлеуметтік көмек түрлері қарастырылған:
- ай сайын коммуналдық қызметтерді төлеуге ақшалай төлемдер;
- тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
- қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікті жол жүру
- санаторлық-курорттық емделу.