04.05.2026, 14:17
Жаңалықтар
Каспий теңізінен ондаған итбалық ғылыми мақсатта ауланатын болды
Сол сияқты сирек кездесетін балық түрлерін аулауға да рұқсат берілді
Фото: istockphoto.com
Үкімет «Ғылыми зерттеулер жүргізу және өсімін молайту мақсатында балықтар мен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін алу туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжатта итбалықтарды ғылыми мақсатта аулап алудан бөлек, еліміздің түрлі өңірлеріндегі өзендерден балықтың сирек түрлерін аулау да қарастырылған.
Қаулыға сәйкес, мынадай су жануарларын аулауға рұқсат етілді:
- 66 бас каспий итбалығы: 2026 жылдың 27 сәуірі мен 31 желтоқсаны аралығында Маңғыстау және Атырау облыстарының Дурнев, Түлен, Кендірлі және Ақтоты аралдарында ғылыми зерттеулер жүргізу және таңбалап, кейін табиғи ортаға қайта жіберу үшін;
- 500 келі арал бекіресі: 2026 жылдың 27 сәуірі мен 31 желтоқсаны аралығында Алматы және Жетісу облыстарындағы Іле, Қаратал өзендерінен, Балқаш көлінен және Қапшағай су қоймасынан ғылыми мақсатта аналық табынын қалыптастыру және кейіннен қолдан өсіру үшін;
- 300 келі ақбалық: 2026 жылдың 27 сәуірі мен 30 қарашасы аралығында Абай және Павлодар облыстарындағы Ертіс өзенінен ғылыми мақсатта аналық табынын қалыптастыру және кейіннен қолдан өсіру үшін.
Қаулы 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Каспий теңізінің Маңғыстау жағалауынан ондаған итбалықтың өлексесі табылған болатын. Қырылған жануарлар Каспий теңізіндегі Құлалы аралында жүргізілген мониторинг кезінде анықталды.
Көп оқылған
04.08.2026, 09:18
Жасы 50-ге жақындағандар да бар: эфирге іш киіммен шығып, боғауыз сөйлеген стримерлер қамалды (ВИДЕО)
04.08.2026, 14:46
Жағдайы ауыр: Солтүстік Кипрде қазақ қызына қастандық жасалды
05.08.2026, 14:42
Атырауда ұлын алты жерден пышақтаған әке сот залында босап шықты
04.08.2026, 23:23
Ірі алаяқтық үшін сотталып, жасырынып жүрген күдікті Семейде ұсталды