Өзбекстан азаматы өз отандастарын жүк көлігімен Қазақстан арқылы Ресейге заңсыз жеткізбек болған (ВИДЕО)
Жедел қызметкерлер заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты
Павлодар облысында жедел операция барысында заңсыз көші-қонның ұйымдасқан арнасы әшкереленді, жүк көлігіне жасырылған құпия орын арқылы адамдарды шекарадан өткізбек болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды. Ол өз отандастарын Ресей Федерациясы арқылы Қазақстанға заңсыз тасымалдау схемасын ұйымдастырған.
Қылмыстық жоспарды жүзеге асыру үшін ер адам MAN маркалы жүк көлігін пайдаланған. Көлікті тексеру кезінде жедел қызметкерлер адамдарды жасырын тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған құпия орын тапты.
Көлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды. Ұйымдастырушыға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
«Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша, көлік құралын ұсыну және байланысты қызметтер көрсету арқылы қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын тексеруге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деді Павлодар облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.