Бурятияда қар көшкінінен қаза тапқан қазақстандық: ҚР СІМ тың мәлімет жариялады

Автор: Асыл Арман

Қайғылы оқиға 28 сәуір күні болды

Фото: istockphoto.com

Бурятияда қар көшкінінен бір қазақстандық қаза тапты. Осыған қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігі тың мәлімет жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сыртқы істер министрлігі 28 сәуір күні болғаны қайғылы оқиғаны ресми түрде растады. Ресей Федерациясының құзыретті органдарынан алынған ресми ақпаратқа сәйкес, отандасымыз Бурятия Республикасының Муй ауданындағы Ирокинда елді мекенінен 13 шақырым жерде болған қар көшкіні салдарынан қаза тапқан. Марқұмның аты-жөні – Алексей Тицкий. Ол 1990 жылы туған.

Қолда бар деректерге сәйкес, қар көшкіні астында алты адам қалған.

«Қазақстан елшілігі оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Ресей Федерациясының құзыретті органдарымен тікелей байланыста жұмыс істеп жатыр. Бұл мәселе Сыртқы істер министрлігінің бақылауында», – делінген ҚР СІМ мәліметінде.