28.04.2026, 15:04
Жаңалықтар
Тоқаев Израильдің президентіне Астанадағы ЖИ орталығын көрсетті
Олар Alem.ai орталығының қызметімен танысты
Фото: Ақорда
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцог Alem.ai орталығының қызметімен танысты. Мұнда таланттарды тауып, оларды даярлаудан бастап ЖИ-шешімдерін әлемге таратуға дейінгі технологиялық дамудың толық циклі жүзеге асырылады.
Израиль президентіне Қазақстанның жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын экономика мен әлеуметтік саланың басты бағыттарына енгізудегі негізгі жетістіктері көрсетілді.
Сонымен қатар мемлекеттер басшыларына Astana Smart City жобасы туралы мәлімет берілді. Ауқымды бастама аясында елорданың жаңа интеллектуалдық инфрақұрылымы қалыптасады.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
СІМ: Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 13:07
Жамбыл облысында жер үй өртенді: өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды