Алматыда ер адам подъезде екі қыз балаға шабуыл жасады (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

Фото: Видеодан скрин

Алматы қаласында ер адамның тұрғын үйлердің біріндегі подъезде екі қыз балаға шабуыл жасағаны туралы видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желідегі мәліметке сүйенсек, оқыс оқиға Алматыдағы «Ақкент» шағын ауданында болған. Видеоға назар аударсақ, ер адамның алдымен лифт батырмасын ашу-ызамен ұрып, артынша тепкенін, сол аралықта жанында тұрған қыз баланың сабырға шақырмақ болғанын ашуланып, басынан жұлқып тартқанын байқауға болады.

Оқиға осымен тоқтамай, ары қарай лифт ішінде жалғасты. Ер адам қыз баланың біріне дөрекі сөйлеп, артынша шығып бара жатып, басынан ұрып жібереді.

Агенттік тілшісі оқиғаға байланысты Алматы қаласының Полиция департаментіне сауал жолдады.