Фестивалді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ашады
Ертең, 29 сәуірден бастап Қостанай қаласында жылдың ең ауқымды іс-шарасы басталады. «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваліне шет елдерден, Қазақстан Республикасының өңірлерінен қонақтар және Қостанай облысының тұрғындары қатысады. Бұл фестиваль Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басты оқиғаларының бірі болмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Фестивальді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ашса, фестивальдің модераторы «Аlga.peterburg» блогымен кеңінен танымал Иван Червинский болмақ.
Әкімдіктің мәдіметіне сүйенсек, TED-форматында сөз сөйлейтін хэдлайнерлер арасында ірі өндіріс, ІТ-компания мен қоғамдық пікір көшбасшылары өкілдері бар. Атап айтсақ, «KIA QAZAQSTAN» бас директоры Ким Де Ки, Freedom Cloud компаниясының CEO-сы және ҚР Президенті жанындағы ЖИ-ді дамыту жөніндегі кеңестің жұмыс тобының кеңесшісі Темірлан Зиналабдин, «Allur компаниялар тобы» АҚ өкілдері, технология және білім беру саласындағы кәсіпкер, Оксфордта білім алған алғашқы қазақстандық Ғабит Бекахметов және тағы басқалар бар.
Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтар, атақты спортшы Василий Левит пен оның анасы Татьяна Левит, сондай-ақ басқа да танымал спортшылар мен мәдениет қайраткерлерінің ата-аналары отбасылық фестивальдің құрметті қонақтары болады.
«Жастар сарайының» күту залында қонақтарды заманауи технологиялар көрмесі ұйымдастырылады.
Екінші қабаттағы интерактивті аймақта инновациялық процестер көрсетіледі: ақылды өндіріс 5.0, автономды жүйе және технологиялардың бірлескен әрекеті, қаланың цифрлы инфрақұрылымы және урбанистика, XR-оқу мен иммерсивті мамандықтар, болашақ экологиясы, логистика, цифрлы әлемдегі қауіпсіздік туралы мәселелер және тағы басқа.
«Фестиваль тек технологиялар мерекесі ғана емес, сонымен бірге эксперимент алаңы болмақ. Екінші қабатта балалар мен жасөспірімдер үшін болашақ технологиялар кеңістігі ұйымдастырылады. Мұнда мини-турнирлер өткізілетін киберспорт аренасы, технополигон, конструкторлық зертхана және робототехника аймағы құрылады. Жас буын үшін VR/AI аймағы ерекше қызығушылық тудырады, мұнда симуляциялар зертханасы ауыл шаруашылығы техникасын басқарудан бастап электр көліктерін құрастыру жұмысына дейінгі нақты өндірістік процестердің ішінде болуға мүмкіндік береді», - деп хабарлайды Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Көше алаңында балалар мен олардың ата-аналарына шеберлердің сабақтары, химия мен физика бойынша эксперименттер мен ғылыми шоулар, сұйық азоттың мүмкіндіктері мен Тесла шоуы ұйымдастырылады. Сондай-ақ аумақта ұйымдастырылатын көрмеде өңірдегі жетекші өндірушілердің техникасы да қойылады. Автокөлік өндірісі процесін және өңірдегі ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысын өз көздерімен көргісі келетіндер үшін күні бойы индустриялық экскурсиялар ұйымдастырылады, бұл экскурсиялар қала тұрғындары мен қонақтары үшін тұрақты болмақ.
Фестивальдің маңызды міндеттерінің бірі бұл отбасы құндылықтарын, ұрпақтар жалғастығын және еңбек пен білімге деген құрметті күшейте отырып, жаңа буынды машина жасау мен агроөнеркәсіп кешендерінің дамуының іргетасына айналып отырған бағдарламалау мен жасанды интеллект жүйесін зерделеуге шабыттандыру.
Фестиваль қонақтары үшін мазмұнды бағдарлама жоспарланған:
Ал, фестиваль соңында эстрада жұлдызы Bayansulu қатысатын концерттік бағдарлама өтіп, қала қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйламақ.