Иран парламенті Ормуз бұғазында кеме қозғалысы жайлы жаңа заң қабылдайды

Иранның Орталық банкі риал, юань, доллар және еуро негізінде төрт арнайы шот ашқан

Иран парламенті Ормуз бұғазында кеме қозғалысы жайлы жаңа заң қабылдайды
Фото: aa.com.tr

Иран парламенті Ормуз бұғазында кеме қатынасы ережелері туралы жаңа заңды парламент жұмысы қайта басталғаннан кейін бірден қабылдайды. Бұл туралы парламенттің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитетінің мүшесі Алаэддин Боруджерди мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Парламентарийдің айтуынша, Иранның стратегиялық жетістіктерінің бірі - елдің және оның қарулы күштерінің Ормуз бұғазы үстіндегі «толық егемендігі».

«Біз «Ормуз бұғазының қауіпсіздік жоспарының» құқықтық және халықаралық қырларын зерделеу үшін бірнеше кездесу өткіздік. Бұл жоспар парламент ашылғаннан кейін міндетті заң ретінде қабылданып, іске асыру үшін үкіметке жолданады», - деді Боруджерди.

Оның сөзінше, бұғаздан өтетін әрбір кеме ирандық сақтандыру компанияларының платформасын пайдалануға және өту қызметі мен экологиялық алымдарды төлеуге міндетті болады.

Бұл саясатты жүзеге асыру үшін Иранның Орталық банкі риал, юань, доллар және еуро негізінде төрт арнайы шот ашқан. Жиналатын төлемдер Иран Ислам революциясы сақшылары корпусының (КСИР) әскери-теңіз күштері арқылы осы шоттарға түседі.

Алаэддин Боруджерди инфрақұрылым толық бекітіліп, цифрлық валюта енгізілгеннен кейін баж салығын риалмен төлеу міндетті болатынын айтты.

«Бұл ұлттық валютаның халықаралық транзакциялардағы құнының бұрын-соңды болмаған деңгейде нығаюына әкеледі», -деп қорытындылады ол.

 

Мақалада
#АҚШ #Иран #бұғат