«Қазгидромет» болжамы белгілі болды
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. «Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі уақытта жаңбыр мен дымқыл қар түріндегі жауын-шашын болжанып отыр. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.
«Жауын-шашынсыз ашық ауа райы солтүстік және орталық облыстарда бүкіл кезең бойы, оңтүстік облыстарда 28-29 сәуірде, шығыс облыстарда 29-30 сәуірде күтіледі. Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Түнгі және таңғы сағаттарда республика бойынша тұман күтіледі. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, сондай-ақ 28-29 сәуірде елдің орталығында түнгі уақытта 3°С-қа дейін үсік жүреді деп күтіледі», – делінген «Қазгидромет» болжамында.
Күндіз республика бойынша ауа температурасы біртіндеп жылынады: