Қазақстандықтардың жеке деректерін жинап, микроқаржы ұйымдарына сатып келген бір топ адам ұсталды (ВИДЕО)
Сатып алушылар қатарында коллекторлық ұйымдардың кейбір өкілдері болған
Биыл наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана және Алматы қалаларында ҚР азаматтарының дербес деректерін заңсыз жинап, оны таратқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу материалдары бойынша қылмыстық іс фигуранттары заңсыз жолмен алынған ақпаратты интернет желісінде сатып келген.
Сатып алушылар қатарында микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың кейбір өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған.
«Тінту барысында компьютерлік техника, электрондық ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемде ақша қаражаты және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 147, 208 және 210-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», – делінген ҰҚК хабарламасында.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.