МАЭК жұмысшылары көз күйігімен ауруханаға түсті: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын хабарлады
Ақтаудағы кәсіпорында болған өндірістік оқиғадан кейін екі қызметкерге амбулаториялық ем тағайындалды
Ақтаудағы Маңғыстау атом-энергетикалық комбинаты кәсіпорнында болған оқиғадан кейін зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Lada.kz ақпарынша, өндірісте жарақат алған екі қызметкер 23 сәуір күні сағат 19:48-де Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы қабылдау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер оларды шұғыл тексеріп, офтальмологиялық көмек көрсеткен.
Медициналық тексеру нәтижесінде екі науқастың да көзінің қасаң қабығын химиялық күйік шалғаны анықталған. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап, өміріне қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Қажетті медициналық көмек толық көрсетіліп, амбулаториялық ем тағайындалған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға “Газотурбиналық қондырғы-3” нысанында негізгі конденсаторды қышқылмен жуу кезінде болған. Ерітінді сорғы арқылы шлангпен жіберілген. Жұмыс аяқталып, жабдық тоқтатылғаннан кейін шлангты ажырату барысында қышқыл шашырап, жұмысшылардың беті мен көзіне тиген.
Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.