Бұршақ жауып, +30 градусқа дейін жылынады: 26 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Кей өңірлерде жаңбыр жауады
Синоптиктер 26 сәуірге арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +15…+17°C.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +12…+14°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +25…+27°C.
Астанада құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Күндіз найзағай, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +16…+18°C.
Атырауда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +15…+17°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +15…+17°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +21…+23°C.
Көкшетауда бұлтты, түнде жауын-шашын, кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Күндіз де жаңбыр, кейде нөсер болуы мүмкін. Найзағай, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +11…+13°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +26…+28°C.
Қостанайда бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +11…+13°C.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай, екпінді жел. Кей уақытта шаңды дауыл көтеріледі. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +20…+22°C.
Павлодарда бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел болады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +26…+28°C.
Петропавлда бұлтты, жаңбыр, күндіз найзағай, бұршақ, екпінді жел. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +10…+12°C.
Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +27…+29°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +26…+28°C.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Таңертең және күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +28…+30°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +28…+30°C.
Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +13…+15°C.
Өскеменде аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +26…+28°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C.